МЕНЮ
   
Логин:
Пароль:
   
Қазақша
Русский
English
   
   КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

  1. білім көлемін біріздендіру;
  2. оқытуды барынша даралау үшін жағдай туғызу;
  3. білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
  4. білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау.

Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:

  1. білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
  2. білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
  3. білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
  4. білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
  5. оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
  6. білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;
  7. оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
  8. оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
  9. білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістерін пайдалану;
  10. әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.

ҚарМУ-де академиялық ұтқырлықты жоспарлау мен ұйымдастыруда келесі нормативтік құжаттар қолданылады:

Образовательный портал
КарГУ имени Е.А.Букетова
Главная | УМНПК | Методический кабинет | Электронный каталог | Контакты | Главный сайт КарГУ